Серік Ибрагимнің әйелі Айнамкөз Әбдімаева үнді биімен жұртты таң қалдырды
Ол 15 жылдан кейін ғана сахнаға шығып тұр
Әнші Серік Ибрагимовтың әйелі, блогер Айнамкөз Әбдімаева той үстінде үнді биін билеп, жиналғандарды таң қалдырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Үндінің хит әнін әуелете қосып, ортаға билеп шыққан әйелі Серік Ибрагимді де қатты таң қалдырған.
Анықталғандай, Айнамкөз бала күнінде би үйірмесіне қатысқан екен. 15 жыл үзілістен кейін сахнаға енді шыққан.
Желі қолданушылары «Үш баласы бар деп кім айтады?!» «Анасымен бірге жыладық», «Серіктің реакциясын түсіріп алу керек еді», «Биінің өзі неткен сұлу еді?!» деп тамсанған.