Елімізде

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден барлау жүргізілуде

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарының аумақтарына әуеден шолу жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Зерттеу нәтижелері бойынша өңір аумағының шамамен 85%-ын қар жамылғысы алып жатқаны анықталды. Төменгі және оңтүстік аудандарда қар жамылғысы іс жүзінде жоқ, қардың негізгі қоры таулы аймақтарда шоғырланған.

Әуеден шолу барысында Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасының бөгеті тексерілді. Төтенше жағдайдың туындау қаупі жоқ.

Сонымен қатар, Қандысу су қоймасы да тексерілді. Қазіргі уақытта нысан транзиттік режимде жұмыс істейді, су жинақтау жүргізілмейді.