Елімізде

Үш облыстағы су қоймасында шағын СЭС салынады

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеу жоспарланып отыр. Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жұмыстар былтыр қыркүйек айында қабылданған «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған.