Шаруаларды шығынға батырған 18 ұры ұсталды
Барымта нәтижесінде жалпы шығын 218,8 млн теңгені құраған
Абай облысында мал ұрлығына қарсы күрес күшейтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жыл басынан бері, яғни 10 айда 18 адам ұсталды. 2024 жылдың он айында Абай облысында 94 мал ұрлығы оқиғасы тіркелген. Оның 85%-ы еркін жайылымда орын алған, бұл ұрлық қаупін айтарлықтай арттырады. Ұрлық нәтижесінде жалпы шығын 218,8 млн теңгені құрап, оның 120,8 млн теңгесі өтелді.