Елімізде

Шығыны екі есе өскен жетістіктер спортында лайықты нәтиже жоқ – Президент

Мемлекет басшысы бұл туралы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуінде айтты

Президент соңғы бес жылда жоғары жетістіктер спортына шығын екі есе өскенімен, соған лайық нәтиже жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл ретте Президент бүгінде әр өңір қандай спортты қолдайтыны туралы шешімді өз бетінше қабылдайтынын сынға алды. Үкіметке жағдайды бақылауға алып, спортқа қатысты мекемелердің барлық деңгейіндегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар еліміздің спорт қауымдастығы мен шетелдерде Ұлттық олимпиада комитетінің беделін көтеру туралы міндет жүктеді.