Елімізде

Шығыс Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған әкелер букмекерлік кеңседе 100 млн теңгеден аса қаржы ұтылған

Олардың 98 балаға жалпы 84 млн теңге қарызы бар

ШҚО-да 75 лудоман-борышкерлер құмар ойыннан өз еркімен бас тартты, деп хабарлайды  jambylinfo.kz
Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы 84 млн теңге қарызы бар 75 кәнігі алимент төлемеушілер соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңгеден астам соманы қайтарымсыз аударған. Атап айтқанда, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер А. онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгеге құмар ойнына бәс тігіп, ұтылған.