Шығыс Қазақстанда фельдшер жүктілік туралы анықтаманы қолдан жасағаны үшін сотталды
Ол әкімшілік жазадан құтылуға әрекеттенгені үшін жазаланды
ШҚО Катонқарағай ауданының прокуратурасы жүктілік туралы анықтаманың – ресми құжатын қолдан жасау және пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аудан тұрғыны аудандық ауруханада гинекологтың фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама жасаған. Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланған. Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды.