Елімізде

Шығыс Қазақстанда тәртіп сақшылары асылып қалған адамды аман алып қалды

Тұрғынның мұндай әрекетке баруына жанжал себеп болуы мүмкін

ШҚО-да полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Polisia.kz. жазуынша, түнде Алтай қаласы полиция бөлімінің “102” жедел арнасына отбасылық жанжал туралы қоңырау келіп түскен. Ол туралы патрульдік полиция взводының қызметкерлеріне “102” арнасының кезекшісі ақпарат берген.

 Мекенжайға келген полицейлер Ержан Құсайынов пен Рүстем Рыспеков үйге кіре берісте мойнына оралған арқанға асылып тұрған ер адамды байқаған. Жедел әрекет еткен Рүстем Рыспеков арқанды ілмектен шығарған кезде, ол тыныс алуын жалғастырған. Қызметкер жедел жәрдем келгенге дейін шұғыл реанимациялық әрекеттерді өз бетінше жүргізіп, жүрек тұсына қажетті массаж жасау арқылы ер адамның өмірін сақтап қалуға тырысқан.