Шымбұлақта аспалы жолдары уақытша жабылады
Аспалы жол 2 маусымға дейін жұмыс істемейді
«Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені биыл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдарды уақытша жабады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады jambylinfo.kz.
Сондай-ақ хабарламада 2024 жылдың 19 мамыры мен 24 мамыры аралығында Медеу-Шымбұлақ жартылай жолының жүк-тартқыш арқаны қысқартылатыны, құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін екені жазылған.
Еске салайық, Шымбұлақ тау курорты 2023 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген.