Елімізде

Шымкентте полицей қызметкерін тапа-тал түсте пышақтап кеткен

Ол оқиға орнында ес-түссіз болған

Шымкентте полицей қызметкеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Желіде Шымкент көшелерінің бірінде полицей қызметкеріне шабуылдаған сәт бейнеленген видео тарады. Бейнежазбада тәртіп сақшысының арқасынан жарақат алып, ес-түссіз жатқанын көруге болады. Ал, қылмыскер көлігімен тез тайып тұрған.

Кейбір ақпарат көздерінде ол патрульдік полиция инспекторы екендігі айтылған.

Жарақат алған азамат қазір ауыр халде екендігі айтылды.