Елімізде

Шымкенттегі жалдамалы пәтерден үндістандық 2 студенттің мәйіті табылды

Өлімнің себебі анықталып жатыр

Үндістандық екі студент Шымкентте жалдамалы пәтерден өлі табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Otyrar.kz сайтының жазуынша,  марқұм Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2 курс студенттері және қаланың Әл-Фараби ауданында үш шетелдік азаматпен бірге жалдамалы баспанада тұрған. Жатын бөлме мен дәлізден 21 және 22 жастағы шетелдіктердің мәйіті табылғаны хабарланды.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жастар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болды деген алғашқы нұсқаны жоққа шығарды. Пәтерде орнатылған газ колонкасы мен ас үй плитасында заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

Студенттердің өлімінің себебі сараптама арқылы анықталады.