Елімізде

Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 24,1 млрд текше метрге жетті

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Солтүстік Аралдың көлемін ұлғайту бойынша Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымындамасында белгіленген көрсеткіштер мерзімінен бұрын орындалып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі судың көлемін арттыру жұмысын жүргізуде. 2023 жылдан бүгінге дейін Солтүстік Аралдағы су көлемі 24,1 млрд текше метрге дейін жетті. Осы уақыт ішінде теңізге 5 млрд текше метр су жіберілді.

Осылайша, Солтүстік Аралдың көлемін ұлғайтуға қатысты Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасындағы мақсатты көрсеткіштер жоспардан бұрын орындалып жатыр.

Тұжырымдамаға сәйкес, 2025 жылы теңіздегі су көлемін 20,6 млрд текше метрге жеткізу көзделген болатын. Ал бастапқы жоспар бойынша, 2030 жылға қарай Солтүстік Аралдың көлемі 27 млрд текше метрге жетуі тиіс. Қазіргі көрсеткіштерге 2029 жылы қол жеткізу жоспарланған болатын.