Солтүстік Аралда су көлемі күннен күнге артып келеді
Жыл басынан теңізге 1,1 млрд текше метр су құйылған
Солтүстік Арал теңізінде су көлемі артып келеді. Бүгінде Аралдағы су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға ағын секундына кемінде 30 текше метр болады және 997 млн текше метр су жіберіледі деп келіскен. Қазір теңізге секундына 50 текше метр су келеді. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метр болатын.
Осыған дейін Солтүстік Аралды оңтүстіктен бөліп тұрған Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталған болатын. Бөгет Солтүстік Аралда су деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.