Елімізде

Солтүстік Қазақстан облысында донор үш пациенттің өмірін сақтап қалды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан облысында Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының үйлестіруімен донорлық процесс жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 1961 жылы туған ер адам жедел ми қан айналымының бұзылуымен жеткізілді.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, дәрігерлер миының өлімін тіркеді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін туыстары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берді.

Трансплантаттау командалары мен санитариялық авиацияның қатысуымен ағзалар алынып, олардың арқасында ұзақ уақыт бойы республикалық күту парағында тұрған пациенттерге трансплантаттау көмегі көрсетілді.

Бауыр 51 жастағы бауыр циррозымен ауыратын ер адамға трансплантатталды. Сондай-ақ диабеттік нефропатия аясында дамыған V сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттерге екі бүйрек: 1986 жылы туған әйелге және 2020 жылдан бері бағдарламалық гемодиализде жүрген 1978 жылы туған ер адамға трансплантатталды.