Starlink жабдығының алғышқы легі Қазақстанға жетті
Бірінші партияда елімізге 500 жабдық жетеді деген жоспар бар
Қазақстанға Starlink жабдығының алғышқы 500 жабдығы жетті. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Парақшасында Бағдат Мусин Алматыға жабдықтарды қабылдау барысын арнайы тексеруге келгенін жазған. Оның айтуынша, келесі аптада Туркістан және Ақмола облыстарында Starlink орнатуға толық дайын мектептерге жабдыктарды жеткізу басталады. Бұл үшін аталған облыстардың әкімдіктері барлық дайындық жұмысын жүргізген.
"Қалған өңірлерге 10 күннен кейін келетін келесі кезекте жеткізіледі. Барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келеді, олар елдегі 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді",- тдеп жазды Бағдат Мусин.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Жамбыл облысындағы интернеттің сапасын жақсарту үшін 3 байланыс операторы 113 жаңа базалық станция орнататынын жазған едік.