Су саласындағы реформалар: халықаралық деңгейде оң бағасын алды
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының ғылыми-зерттеу орталығы директоры Динара Зиганшина Қазақстандағы су шаруашылығы саласын трансформациялау бағытындағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сарапшының пікірінше, ведомство болашақта саланың дамуына негіз болатын маңызды жүйелі өзгерістердің іргетасын қалады.
Сарапшының айтуынша, министрлік енгізіп жатқан өзгерістер су саласының барлық даму бағытын қамтып отыр.