Елімізде

Су тасқыны: Елдегі қазіргі ахуал қандай

Республика бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралса, әлі 6 726 адам эвакуациялау пункттерінде

Қазақстанның батыс өңірі әлі де қарғын сумен күресіп жатыр. Қазір Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz
   
ТЖМ хабарлауынша, Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 7 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 мыңнан астам  адам, 2 772 техника, 335 су сору құралы және 249 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылған.