Елімізде

Су тасқыны: Құлсарыда 200 мыңнан астам метр куб су сорылды

Бұл турал ТЖМ хабарлады

Атырау облысында су сору жұмыстары түнгі уақытқа қарамастан жүргізіліп жатыр. Құлсары қаласында тәулігіне 200 мыңнан астам метр куб су сорылған, деп жазады Jambylinfo.kz

ТЖМ хабарлауынша, су тасқыны басталғалы бері Құлсары қаласында шамамен 3 млн метр куб су сорылған. Мұнда  жылжымалы сорғы станцияларының, қуаттылығы жоғары сорғылардың және мотопомпалардың көмегімен су басқан үйлерден су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде.