Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 13 адам жауапқа тартылды – ІІМ
Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратқандар заң аясында жауап беретінін тағы да еске салады
Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 13 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 2 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафонында мәлімдеді, деп хабарлады jambylinfo.kz.
КТК телеарнасы хабарлағандай, Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында 7 адам, Астана қаласы мен Маңғыстау облысында 2 адам, Атырауда 1 адам және БҚО-да 1 адам жауапқа тартылған.