Су тасқынына байланысты республика бойынша қандай жолдар жабық
ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқынына байланысты жағдайды хабарлады
15 сәуір сағат 09:00–дегі жағдай бойынша күн жылынып, қар еріген соң, 3 облыста 9 учаскеде (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы) су жолға шығып кеткен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Еліміздің 5 облысында (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы) ұзындығы 421 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 11 жолда көлік қозғалысы шектелді»,- деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Қазір осы жолдарда 417 техника мен 523 адам жұмыс істеп жатыр.