Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа үй мен пәтер берілді
31 552 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды
Қазақстан Үкіметі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, 717 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтер алған.
Сонымен қатар, 3 981 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды. 5 066 отбасына жоғалған аса қажетті дүние-мүлкін сатып алу үшін 150 АЕК мөлшерінде қосымша көмек көрсетілді.