Елімізде

Су тасқынының алдын алу үшін  Ақтөбе су қоймасын кешенді реконструкциялау басталды

Нысан 245 миллион текше метр су жинай алады

Ақтөбе облысында Елек өзеніндегі Ақтөбе су қоймасы реконструкциядан өтуде. 245 миллион текше метр су жинай алатын нысан биыл тасқын кезінде үлкен көлемде су қабылдаған болатын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, су қоймасының су өткізетін құрылыстары мен бөгетінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, нысанның күзет дабылы мен жарықтандыру, бейнебақылау және электрмен жабдықтау жүйелері жөнделеді. Су қоймасын реконструкциялау су тасқыны кезеңіне дейін аяқталады.