Елімізде

«Суицид жасамақ болды». Тәртіп сақшысы өзенге секірген жасөпірімді құтқарды

13 жастағы қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Ақтөбеде учаскелік инспектор өзенге секірген жасөспірім қызды құтқарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Деректерге сүйенсек, Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғаны туралы полицияға хабарланған. Ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберілген.

Абырой болғанда учаскелік полицей 13 жастағы қызды өзеннен аман-сау құтқарып алды. Жәрдемге жеткен әріптестері оны жағаға шығарысты.