Елімізде

Құтқарушылар пәтерде ес-түссіз жатқан адамды аман алып қалды

Олар үйдің кіреберісінде есінен танған ер адамды тапты

Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары есінен танып қалған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

112 қызметіне Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адаммен байланыс үзілгені туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен екінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірді.

Пәтер ішінен ес-түссіз жатқан азамат табылып, құтқарушылар дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.