"Тұман, қатты жел, көктайғақ": 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бірқатар өңірлерде жаңбыр аралас қар жауады.
Республика аумағында жел күшейіп, батыс, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұман түседі. Сондай-ақ шығыс, солтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде 1 градус үсік болуы ықтимал.
Астанада күндіз ауа температурасы +3...+5°С шамасында, желдің екпіні 9–14 м/с.
Алматыда күн жылы — +20...+22°С, ал Шымкент пен Қызылордада +21...+23°С, желдің жылдамдығы 7–12 м/с.
Павлодарда -2°С аяз, Қостанайда +5...+7°С жылы болады.