Түркістанда дрон ұшыруға уақытша шектеу қойылды
Талаптарды бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, дрондары тәркіленуі мүмкін.
15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осыған байланысты 6-15 мамыр аралығында қала аумағында дрон ұшыруға уақытша шектеу енгізілді.
Сондай-ақ, талаптарды бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, дрондары тәркіленуі мүмкін.