Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
Сотта ол жасаған әрекеттері үшін кешірім сұрап, кәмелетке толмаған балалары мен жұмыс істемейтін әйелі барын ескеруді өтінді.
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрып, ауыр жарақаттаған Алмас Садақбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол «қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру» және «азаптау» баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Сотта ол жасаған әрекеттері үшін кешірім сұрап, кәмелетке толмаған балалары мен жұмыс істемейтін әйелі барын ескеруді өтінді.
Сот үкімі бойынша оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Еске салайық, былтыр қыркүйекте 41 жастағы Түркістан тұрғынының әкесін аяусыз ұрған видеосы желіде таралып, қоғамда үлкен резонанс туғызған еді.