Түркістанда жоғалған төрт жасар Әлиханның денесі арықтан табылды
Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Біртілек ауылында жоғалған төрт жасар Әлиханның денесі үйінен екі шақырым жерде, арық ішінен табылған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Баланы іздеуге төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан және полиция қызметінен 93 адам және 4 техника жұмылдырылған болатын. 16 наурызда үйінен шығып кеткен бала өкінішке қарай суға ағып, қаза тапқаны белгілі болды.