Елімізде

Тұрсынбек Қабатов  5 күнге қамалды

Бұл туралы тәуелсіз журналист Михаил Козачков Жоғары сотқа сілтеме жасай отырып, өзінің телеграм арнасында жазған.

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқаны үшін 5 күнге қамауға алынған, деп хабарлайды  jambylinfo.kz

Сот  ұсақ бұзақылық жасаған әзілкештің ісін қарап, шешім шығарған. 

Сот  айыпталушы Тұрсынбек Қабатовқа қоғамдық орында дөрекі мінез-құлық танытқаны үшін жаза тағайындаған. 

 Осылайша, әзілкеш ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынған. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.