Елімізде

«Тұтынушы көбейген». Еліміздегі газ тапшылығының себебі айтылды

Тоқсан сайын өңірлер бойынша шамамен 360 мың тонна сұйылтылған газ таратылады

 Сұйытылған газ тапшылығының себептері туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
 
Жиында тоқсан сайын өңірлер бойынша шамамен 360 мың тонна сұйытылған газ таратылатыны атап өтілді. Дегенмен, өндіру және тарату көлемі бастапқыдағы өңірлер қажеттілігінен 130 мың тоннаға немесе 26%-ға аз. Сондай-ақ, өткен жылы елімізде газбен жүретін көліктер саны 18 пайызға өсіп, 582 мың дананы құраған.