Елімізде

Тәжікстан Қазақстанға 61 вагон гуманитарлық көмек жіберді

61 вагон және 15 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмектің салмағы 3500 тоннадан асқан

Тәжікстан Республикасы Қазақстан халқына 61 вагон гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды jambylinfo.kz Тәжікстан республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан гуманитарлық көмекті Түркістан  облысы,  Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» темір жол станциясынан қабылдап алды.

Дереккөзге сүйенсек, гуманитарлық көмекті Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы, милиция генерал - полковнигі Рустам Назарзода бастап келді. 61 вагон және 15 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмектің салмағы шамамен 3500 тоннадан асқан.