Елімізде

Таяу Шығыстан 2000-нан астам қазақстандық елге оралды

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, Таяу Шығыс елдерінен 2151 Қазақстан азаматы елге қайтарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстандықтардың кезекті тобы арнайы рейспен Ақтау әуежайына келіп қонды. Сол жерден жолаушылардың басым бөлігі Алматыға ұшып кетті.

Елге оралған азаматтар осы уақыттың барлығында қазақстандық дипломаттармен тұрақты байланыста болғандарын айтты.

Елшіліктер отандастарға ақпараттық және құқықтық көмек көрсетіп, сондай-ақ олардың тұруы мен тамақтануына қатысты мәселелерді шешуге жәрдемдескен.

Министрлік шетелде қалған азаматтарды елге қайтару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын атап өтті.