Елімізде

«Темекі үшін жан пида»: Астанадағы түнгі клубта адам пышақтаған қаскөй сотталды

Азаматтар арасындағы текетірес шылым сұраудан шыққан

Елордадағы түнгі клубта жазықсыз адамды пышақтаған қаскөй 9 жылға сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бас прокуратура мәлімдегендей, түнгі клубта болған ерегіс шылым сұраудан шыққан. Мас күйдегі қылмыскер темекі беруден бастартқан бойда пышақ шығарып, ішкі органдарына айтарлықтай зақым келтірген. Абырой болғанда дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалған.