Терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады, деп жазады Jambylinfo.kz
Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деп күдіктелуде.