Тиімділігі расталмаған жобалар бюджеттен алынып тасталды – Қаржы министрлігі
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттен тиімділігі расталмаған жобалар алынып тасталды.
Бұл туралы Сенат отырысында қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол үш жылдық бюджетті әзірлеу кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 10 жылдық болжамы жасалғанын және ол әр 3 жыл сайын жаңартылып отыратынын айтты. Бұл – фискалдық және монетарлық саясаттардың өзара байланысын қамтамасыз ететін негізгі элемент.
Одан бөлек бюджеттік шолу қорытындысы бойынша 68 млрд теңге оңтайландырылды, бұл ретте мемлекеттік қызметтердің сапасына нұқсан келген жоқ. Әкімшілік шығыстардың үлесі 15%-дан 12%-ға дейін төмендетілді.
Бюджеттік шолу нәтижелері мен оңтайландыру жөніндегі шешімдер ашық ақпарат көздерінде жарияланған.