Елімізде

«Тіл мерекесі қай күні екенін білмейтін мұғалімдер бар»: Оразкүл Асанғазы ұстаздарды не үшін сынады

Экс-депутат кейбір ұстаздардың кәсіби біліктілігін сынға алды

Таразда өтіп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумында мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы ұстаздардың кәсіби біліктілігін сынға алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Сонымен қатар, тіл жанашыры мұғалімдерді ешқандай заң жөнге салмайтынын, мұғалім өз-өзін дамыту, тілге жаны ашу, оқушыларды шексіз жақсы көру арқылы кәсіби білікті маман бола алатынын атап өтті.

Еске салайық, тіл жанашырлары жиналған форумның мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету.