Тоқаев 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құруды тапсырды
Денсаулық сақтау саласында жеке-жеке жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйе бар. Мемлекет басшысы аталған жүйелерді бір-біріне толыққанды байланыстыруды бұған дейін қанша талап етсек те, сол күйі жасалмауын бюджет қаржысын жымқырудың басты себептерінің бірі деп атады.
Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz