Тоқаев кадрлық ауыс-түйістер жасады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президенттің жарлығымен бірқатар лауазым иелері қызметінен босатылып, жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тамара Дүйсенова мен Ернар Баспаев президенттің көмекшісі қызметінен, ал Қанат Шарлапаев экономикалық мәселелер жөніндегі көмекші лауазымынан босатылды.
Бақытжан Сапиев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы қызметінен босатылды.
Әлихан Жамсатов президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне келді.