Елімізде

Тоқаев Костенко шахтасының кеншісін «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттады

Айбар Қосанов бірнеше күн бұрын шахтадан шыққан өртті өз күшімен ауыздықтаған болатын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко шахтасының кеншісі Айбар Қосановқа ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Айбар Қосанов шахтаның ішінен шыққан өртті ауыздықтап, апаттың алдын алған болатын. 2023 жылдың қазанында Костенко шахтасындағы ірі апаттардың бірінен 46 кенші қаза тапқан еді.