Елімізде

Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін бұл Олимпиаданың орны ерекше екенін айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровтың жеңісі еліміз үшін теңдесі жоқ жетістік саналатынына назар аударды.