Елімізде

Тоқаевтың "Наурыз" атты тазысы туралы не білесіз?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеті қазынаның бірі - итті ерекше жақсы көретінін ел біледі. Президенттің тазыларымен түскен фотосы әлеуметтік желілерде жиі тарап жүр. Бүгінде Мемлекет басшысында үш асыл тұқымды тазысы бар, деп жазады jambylinfo.kz.

Тазылардың суреттері «Ақ орда» сайтына жүктелген. Оның біріншісі - 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни болса, екіншісі – 5 жасар ақшыл түсті, арлан тазы Нэнси.Ал үшіншісі - қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды.


Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Бүгінде иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулитын көрінеді.