Елімізде

Тоқаевтың жарлығымен металлургтер марапатталды

Аталған саладағы 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды

Президент жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысы қол қойған жарлық бойынша 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды. Сонымен қатар, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды. Ал, 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.