Тоңып қалмаңыз: Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Қазақстанға суық антициклон әсер етуде
Қазақстан аумағына Жаңа Жер аймағынан келген суық ауа массалары ықпалын тигізіп жатыр. Соның нәтижесінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, күздің салқыны сезіле бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасы +2…+8°С-қа дейін төмендейді. Кей аймақтарда топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Бұл ауыл шаруашылығына да әсер етуі мүмкін.