Елімізде

Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп пара алған астаналық қамалды

Ол алаяқтық арқылы 100 млн теңге иемденген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Антикор мәлімдегендей, күдікті аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған. Ол 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті болып отыр.