Елімізде

«Әуе кемесі жанып жатты». Ақтауда Грозныйға бет алған ұшақ құлады

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті

Ақтауда ұшақ құлады. Бұл туралы желіде бейнежазбалар жариялануда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстан Көлік министрлігінің дерегінше, ұшақ Azerbaijan Airlines авиа компаниясының Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан рейсі.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерге 52 құтқарушы мен 11 төтенше жағдайлар техникасы жеткізілген. Құтқарушылар келгенде әуе кемесі жанып жатқан. Олар отты сөндіруді бастаған.

«Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, тірі қалғандар бар екендігі алдын-ала хабарланды», – делінген министрлік ақпаратында.