Елімізде

«Үйленбей қоймайтын сияқты». Әйгерім Қалаубаеваның Нұрлан Әлімжановпен көңіл қосқаны рас па

Қос өнер иесінің үйлесімді дайындығы жұртты сүйсінтті

Жасы 40-қа таяған хореограф Әйгерім Қалаубаева мен әнші Нұрлан Әлімжановтың концерт жүргізуге дайындалған сәті таспаланған бейнежазба желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Хабар» телеарнасындағы "Ұят болмасын", "Біздің көшенің тұрғындары" бағдарламаларынан бері көрерменге ерке қыздың рөлі арқылы танылған Әйгерім Қалаубаева желіде бой көрсетті. Салтанатты шараға жүргізуші болғалы отырған Қалаубаеваның Нұрлан Әлімжановпен жарасымды жұпқа тән әрекеттер жасағаны көпті сүйсінтті.

Бейнежазбаға зер салсақ, Қалаубаева өз қалауынша Нұрлан Әлімжановқа еркелей отырып, киімін үтіктеп береді. Сонымен қатар, олардың әдемі әзілдері, дайындықтары сан түрлі пікір тудырды.