Елімізде

Қытай компаниялары қазақ жылқыларына көз тігіп отыр

Шетелдіктер агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салуға ниетті

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қызығушылық білдірген қытайлық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – ҚХР нарығында жоғары сұранысқа ие отандық жылқы тұқымдарын экспорттау мәселесі болды.

Тараптар ветеринариялық бақылау мен карантинге арналған инфрақұрылымды құру мәселелеріне ерекше назар аударды. Қытайлық инвесторлар Қазақстан аумағында ветеринариялық зертхана ашу ниетін білдірді.