Елімізде

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Ильин Юрий Викторович 1968 жылғы 9 сәуірде РКФСР Куйбышев қаласында туған. Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі – шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясы – заңгер. "Құрмет" орденімен (2013 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған. 1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Қонев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты; 1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі; 1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі; 1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы; 1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары; 1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері; 1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы; 1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары; 2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары; 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы; 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы; 2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары; 2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы; 2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары. egemen.kz