Қыз зорлығы бойынша сотталған фотограф Айсәуле Бақытбекті суретке түсірген
Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Бірнеше күн бұрын Алматыда қыз зорлау фактісі бойынша 5 жылға сотталған фотограф Азамат Кенжеғұлов елімізге танымал адамдарды суретке түсіргені анықталды. Оның ішінде, актриса әрі блогер Айсәуле Бақытбек те бар, деп жазады jambylinfo.kz.
Актриса бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, фотографпен біраз уақыт бұрын келісімшартты тоқтатқаннын айтты.
Айта кетейік, Азамат Кенжеғұлов 2023 жылдың 8 наурызы күні танысы Элина есімді арудың мас күйін пайдаланып, пәтеріне апарып зорлады деген күдікке ілінген болатын. Жәбірленушіні бұл туралы әлеуметтік желіге жазып, істің жүрмей жатқанын айтқан соң іс қоғамда резонанс тудырды.
Бірнеше күн бұрын Азамат Кенжеғұлов бес жылға сотталып, ол жұмыс істеген Esquire басылымы мәлімдеме жасаған болатын.