Қызылордада қарақшылардан қашқан ер адам 5-қабаттан секіріп кеткен – ІІМ
Қызылорда облысының алты тұрғыны екі танысын көлікке отырғызып, күштеп, жалдамалы пәтерге апарған. Сол жерде ұрып-соғып, екі күн бойы ұстаған. Ұялы телефондарын және 300 мың теңгені тартып алып, тағы бір миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Polisia.kz порталының хабарлауынша, жәбірленушілердің біреуі әлгі алты жігіттен қашамын деп, бесінші қабаттан секіріп кеткен.
Ал Оралда полиция қызметкерлері колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады. Олар бопсалау, тонау және алаяқтықпен айналысты. Аталған факті бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Полиция қылмыстық топтардан зардап шеккен адамдарды дереу хабар беруге шақырып отыр. Ақпараттың құпиялылығына және адамның қауіпсіздігіне кепілдік беріледі.